МЦ Хак ұжымы баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтайды!
Бұл берекелі ай әр шаңыраққа амандық, жүректерге тыныштық, отбасыларыңызға бірлік пен молшылық әкелсін. Ораза – сабыр мен шүкіршіліктің, рухани тазару мен өзін-өзі тәрбиелеудің айы.
Рамазан айы – адам баласын мейірімділікке, қайырымдылыққа, жанашырлыққа үндейтін ерекше кезең. Бұл уақытта әр мұсылман игі амалдарын көбейтіп, жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге, жүректі жаман ойлардан тазартуға ұмтылады.
Ораза кезінде пайдалы кеңестер:
- Сәресі мен ауызашарда құнарлы әрі жеңіл тағам тұтыну;
- Рұқсат етілген уақытта жеткілікті су ішу;
- Ұйқы тәртібін сақтау және денсаулыққа мән беру;
- Созылмалы ауруы бар жандарға дәрігермен кеңесу;
- Сабыр сақтап, айналаңызға түсіністікпен қарау.
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!
Ізгі ниетпен,
МЦ Хак ұжымы
Коллектив МЦ Хак сердечно поздравляет вас с началом священного месяца Рамадан!
Пусть этот благословенный период принесёт в каждый дом мир, спокойствие и достаток, укрепит веру, наполнит сердца терпением и благодарностью.
Ораза — это особое время духовного очищения, самодисциплины и переосмысления жизненных ценностей. В течение месяца мусульмане стремятся не только соблюдать пост, но и уделять больше внимания молитве, добрым делам, поддержке близких и помощи нуждающимся. Это время укрепления единства, милосердия и взаимного уважения.
Несколько рекомендаций в период поста:
- Соблюдайте сбалансированное питание во время сухура и ифтара.
- Поддерживайте водный баланс в разрешённое время.
- Старайтесь высыпаться и беречь силы.
- Людям с хроническими заболеваниями важно предварительно проконсультироваться с врачом.
- Проявляйте терпение и заботу друг к другу.
Пусть месяц Рамадан станет временем духовного роста, очищения и благих перемен.
С уважением и наилучшими пожеланиями,
МЦ Хак
Комментарии
| Имя * | |
| Комментарий * | |